Шымкентте түркиялық инвестор ірі ауыл шаруашылығы жобасын қолға алды. Бүгінде мегаполисте жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құны 650 миллион долларды құрайтын жоба еліміздегі ең ірі заманауи жылыжай кешендерінің бірі болмақ. Жобаның жалпы аумағы 650 гектарды құрайды. Құрылыстың алғашқы кезеңінде 400 гектарға жуық жерге жылыжай салынып, оны 2025 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі Қайнарбұлақта іске асуда және ол 2027 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Екінші кезең Мәртөбе аймағында жүзеге асады. Мұнда жылыжай кешендерінің жалпы аумағы 450 гектарды құрайды. Осылайша, екі кезең толық аяқталғанда, жылыжайлардың жалпы көлемі 500 гектарға жетпек.
Қазіргі таңда құрылыс пен өндірісте шамамен 500 адам жұмыс істеуде. Ал кешен толық іске қосылғанда, бұл көрсеткіш 5000 жұмыс орнына дейін жетеді. Жаңа жылыжай кешендерінде заманауи голландиялық 5-ші буын технологиялары қолданылуда. Олар әлемдік деңгейде ең озық жүйелердің бірі саналады.
