УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ: ШЫМКЕНТТІК ШЕНЕУНІКТЕР ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Screenshot

Шымкенттік шенеуніктер Президент жолдауында жүктелген міндетті орындауға кірісіп кетті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен Мемлекет басшысының 2025 жылғы жолдауындағы тапсырманы орындау барысы кеңес отырысында сөз болды. Алдымен қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов президент жолдауындағы жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан бөліміне тоқталып цифрлық өзгерістердің қазіргі қоғамға қажеттілігін, оны жастарға үйретуді мықтылап қолға алу керектігін айтты. Сонымен бірге, мемлекет басшысының бір палаталы парламент құру бастамасының ел үшін маңыздылығына тоқталды.

Әкім өз сөзінде Президент бастамалары халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталғанын атап өтті. Әсіресе, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жетілдіру, білім мен денсаулық сақтау сапасын көтеру және жұмыспен қамтуды нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен бірге, жиынға қытысқан ЖОО басшыларына цифрлық сауаттылықты арттыруда университетерге қолдау білдіретінін айтты.
Кеңес отырысында көлік-логистиканы дамыту жайыда талқыға түсті. Саясаттанушы Сәуле Жақсыбайқызы соңғы уақыттағы мемлекет басшысының шет елдерге жасаған сапары маңызды жол ашулар дейді. Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған бұл бағытта транзиттік әлеует артып қана қоймай, жаңа жұмыс орындары ашылып халықтың әл ауқаты жақсарады.