УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Screenshot

3 — 9 қыркүйек күндері Қытайдың Шаогуань қаласында өткен каратэден жастар, кадеттер және жасөспірімдер арасында Азия Чемпионатында спортшыларымыз өнер көрсетті.
Осы додада ел намысын қорғап, жетістікке жеткен спортшыларымызды арнайы күтіп аоу рәсіміде өтті.
Жасөспірімдер арасында  61 кг. салмақта Құрбанәлі Балнұр 1 ші орынды жеңіп алса, 54 кг. салмақта Ұнталап Айша 3 ші орынға табан тіреді. Ал, кадеттер арасында 66 кг. салмақта Темірхан Айдын 3 шы орынды жеңіп алды.

Жастар арасында 61 кг. салмақта Бәкірова Айжан 2 ші орынды жеңіп алса, 68 кг. салмақта Сағынбек Лаура 3 шы орынға ие болды.

Айта кетейік, Азия чемпионатына 30 мемлекеттен мыңға жуық каратэші қатысып, бақ сынады. Қарқынды бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 22 медаль жеңіп алып, 4-ші орынға тұрақтады.