Жол құрылысына қатысты олқылықтар әлі де көп. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты. Оның мәлімдеуінше, ағымдағы жылы жүргізілген тексеріс барысында 264 сапасыз құрылыс жұмыстары анықталған. Мәселен, Құрсай шағын ауданында салынған аяқжол сапасыз болып, толығымен бұзылып қайта жөндеуге тура келген. Ал Ынтымақ шағын ауданында асфальт жабындысына жүргізілген жөндеу жұмыстары талапқа сай болмай, қайта жасалған. Сонымен қатар, ол қаладағы жол инфрақұрылымына қоғамдық бақылау да маңызды екенін жеткізді. Шымкентте биылғы жылы 200-ден астам көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
