УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АРБАДАҒЫ ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Screenshot

 

Шымкент спорт тарихында тағы бір маңызды бет ашылды. 3–6 қыркүйек аралығында қаладағы теннис орталығында арбамен теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Бұл – ел Тәуелсіздігі тарихында Шымкентте тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған дода. Чемпионатқа Астана мен Алматыдан бастап, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Қарағанды, Қызылорда және Шымкенттен келген спортшылар қатысуда.

Арбамен теннис елімізде 2022 жылдан бері қарқын алып, бүгінде Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен 10 қалада филиал ашылып отыр. Қазір 100-ден астам спортшы бұл спортқа тегін қатысып, заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.

Атырау қаласынан келген Есболат Балбаев чемпионаттың айрықша қатысушыларының бірі. Арбада отырып теннис ойнауды небәрі бір жыл бұрын ғана бастаған ол, қазір алғаш рет Шымкент кортында бақ сынап жатыр. Қысқа уақыт ішінде спортқа деген табандылығы мен жігерінің арқасында үлкен ілгерілеу көрсеткен Есболат бұл жарысты өз мүмкіндігін дәлелдеудің ерекше сәті деп біледі.