УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА “АДАЛ АЗАМАТ” ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Screenshot

Барлық мектептің оқушылары жаңа оқу жылын “Менің Отаным Қазақстан” тәрбие сағатымен бастады!  Жаңа оқу жылында жаңашылдық көп! Бұл жолы түсірілім тобымен шаһардағы жайлы мектептің біріне табан тіредіе. №143 жалпы орта білім беретін мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз кеңесінде тапсырған «Адал азамат» жобасын іске асыру қолға алынған.

Президент бұл бастама арқылы жас ұрпақтың тек білімді ғана емес, әділ, адал, отансүйгіш болып өсуі қажет екенін қадап айтты. Осыған орай, білім ұяларында арнайы ашық сабақтар, дебат клубтары, сынып сағаттары өтуде. Оқушылар адалдық пен жауапкершілікке тәрбиеленіп, күнделікті өмірінде әділетті болуға үйренетіе болады. Бұл – болашақ қоғамның іргесін бекітетін маңызды қадам.
Жаңа оқу жылының тағы бір жаңалығы – ашық сабақ үлгілері. №143 мектепте мұғалімдер дәстүрлі сабақтарды жаңа форматпен өткізіп, оқушыларды еркін ойлауға, пікір айтуға және тың идеяларын ортаға салуға баулуда. Мәселен, алғашқы сабақта оқушылар тек оқулықтағы тақырыпты емес, мемлекеттік рәміздермен танысты. Ең бірінші оқушыларға тәрбие сағат өтті. “Менің отаным Қазақстан” деген атаумен өткен сынып сағаттарында әр балаға өз елінің патриоты болу керек екені айтылып, бейнелі түрде сабақтар жүрді. Бұл тәсіл олардың ойлау көкжиегін кеңейтіп, туған жерге адал болуға үйретуде.

Әрине, ата-аналар үшін ең өзекті тақырып – мектептегі тамақтану. Мектеп асханасындағы өзгеріс! Енді ас мәзірі ДСБ бақылауында болады. Жаңа оқу жылында мектептерде тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді. Еске салсақ осыған дейін ДСМ 1 қыркүйегінен бастап, елдегі мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік түрлерін сатуға тыйым салуға қатысты бұйрық шығарған болатын. Яғни, фас фут сынды тағамдар асхана сөрелеріне қоюға болмайды. Сонымен бірге, қазір қаланың барлық білім ордаларындағы асханаларда цифрлық төлем жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл ата-аналарға балаларының тамақтанғанынан хабардар ететін “Alaqan” жобасы. “Alaqan” — Қазақстанда әзірленген биометриялық жоба, алақан тамырларының үлгілерін сканерлеу арқылы тұлғаны жоғары дәлдікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе қауіпсіздік, цифрландыру мен бақылау саласында кең қолданылып келеді.  Alaqan Mektep оқушылардың мектепке кіруі, асхана есебі, кітапхана қызметі сияқты процестерді автоматтандыруға және ата-аналарға уақытылы ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде мегаполистегі келешек мектебіне еліміздің түрлі аймақтарында оқу бітіріп жұмысқа орналасқан жастар бар. Жас маман атанып, gpa балл 3тен жоғары білім берушілер конкурссыз қабылданған. Бұндай мұғалімдер аталмыш білім ұясында да бар. 6 ұстаз конкурссыз әңгімелесу арқылы қабылданып, бүгінде балаларға сабақ беруде. Олардың сөздеріне сүйенсек мұндай мүмкіндік еліміздегі түрлі қауөсеттердің жалған екеніне айқын дәлел дейді.

Тағы бір маңызды мәселе – оқушы қауіпсіздігі. №143 мектеп аумағында бейнебақылау күшейтіліп, кіріп-шығу тәртібі қатаңдатылған. Ата-ана да, ұстаз да енді баланың алаңсыз оқып, ойнайтынына сенімді бола алады. 2025-2026 оқу жылын білім ұясы 2400 баламен бастаған. 98 сынып комплектсі 2 аусымда оқиды. Ал алғаш мектеп табалдырығын 300 бала аттаған.

Сонымен, жаңа оқу жылы – жаңа бастамаларға, тың жобаларға толы. Адалдықты ту еткен, қауіпсіз әрі заманауи білім ордасында өскен жас буын ертеңгі елдің тірегі болары сөзсіз.