Мектеп асханасындағы өзгеріс! Енді ас мәзірі ДСБ бақылауында болады. Жаңа оқу жылында мектептерде тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді. Еске салсақ осыған дейін ДСМ 1 қыркүйегінен бастап, елдегі мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік түрлерін сатуға тыйым салуға қатысты бұйрық шығарған болатын. Яғни, фас фут сынды тағамдар асхана сөрелеріне қоюға болмайды. Сонымен бірге, Қазір қаланың барлық білім ордаларындағы асханаларда цифрлық төлем жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл ата-аналарға балаларының тамақтанғанынан хабардар ететін “Alaqan” жобасы. Alaqan Mektep оқушылардың мектепке кіруі, асхана есебі, кітапхана қызметі сияқты процестерді автоматтандыруға және ата-аналарға уақытылы ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді.
