УАҚЫТ TV
БағдарламаларЖаңалықтар

ЖАСТАРМЕН ТРЕНДТЕ: ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАДЫ

Screenshot

Жастар тарихты ұмытпайды. Тауда бас қосқан шымкенттік жастар үшін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дәстүрді жаңғыртты. Фестивальге өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық жас жиналды.

Фестиваль барысында қатысушылар 10 топқа бөлініп, қазақтың ұлттық ойындарынан жарысты. Ұлдар қол күрес, арқан тарту және садақ атудан бақ сынаса, қыздар бауырсақ пісіруден сайысқа түсті. Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпат табыс етілді.

Шара Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен өткізілген. Мамандар мұндай шараның маңызы зор дейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп қана қоймай, дәстүрлі өнер мен ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуға бағытталған.

Екі күнге созылған фестивальдің алғашқы күні ұлттық ойындарды дәріптеуге арналса, келесі күндері мәдени-танымдық іс-шаралар жалғасын тапты.