Артур Дрейлинг енді ресми түрде Шымкент қалалық кеңес мүшесі атанды. Кезекті кеңес отырысында оған арнайы төсбелгі мен құжат табысталды.
Салтанатты рәсімнен соң Қоғамдық кеңестің отырысы басталды. Күн тәртібіне сай аудан әкімдерініңесебі тыңдалды. Еңбекші және Қаратау ауданының әкімдері халықпен байланыс, аумақтың тазалығы және инфрақұрылым жүйелерін жетілдіруге қатысты атқарылып жатқан жұмысты баяндады Жүргізіліп жатқан жұмыс сапасы бақылауда екенін де жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері баяндама аяқталған соң бірқатар сауалдарын да жолдады. Бұдан өзге, жиында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жұмысына назар аударылды. Жаңа оқу жылының басталуы ескеріліп, білім ошақтарындағы оқулық жайы мен жаңа сабақтардың қосылуы туралы мәселелер қозғалды. Сонымен шаһарға сапасыз оқулықтардың жеткізілгені рас па?
Айта кетейік, департамент екі бөлімнен тұрады. Мұндағы мамандар білім сапасын бағалау, лицензия, мемлекеттік бақылау, мониторинг жұмыстарын жүргізеді. соңғы ақпарға сәйкес мониторинг нәтижесінде екі жеке меншік мектеп жұмысын тоқтатқан. үш білім ұясы болса лицензиядан 6 айға қағылғаны белгілі болды. Депатамент басшысы шаһарда білім сапасын бақылау жұмысы жалғасатынын жеткізді.
