Биыл ата заңның қабылданғанына 30 жыл толды. Мерейлі мереке Шымкентте де кең көлемде тойлануда. Бұл жолы ҚХА Ассамблеясының мүшелері «Айбары мықты Ата Заң» атты дөңгелек үстелде бас қосты. Жиынға қатысушылар елдің құқықтық жүйесінің іргетасын талқылады. Дөңгелек үстелді Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев жүргізді.
Конституцияның ел дамуы үшін маңызы, демократиялық құндылықтарды орнықтырудағы рөлі кеңінен сөз болды. Саясаттанушы Сәкен Мажинбеков Ата Заңның мемлекет дамуына қосқан үлесін сараптаса, заң ғылымдарының кандидаты Нұрлан Бижан құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы тарихи маңызы туралы ақпаратты жан жақты тарқатты.
Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы орны да айрықша аталды. Қатысушылардың ортақ ойы Конституция тек заңдар жинағы емес, ол халықтың тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі.
Шымкентте Қазақстан Конституциясының 30 жылдығын тойлауда Прокурорлар бастады. Салтанатты жиынға 700-ден астам мемлекет қызметкерлері қатысты.
Мемлекет мерейін асқақтатқан айтулы мереке аясында түрлі салада тер төгіп жүрген 20 қызметкер марапатталды. Олардың қатарында құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура мен әкімдік қызметкерлері, спорт басқармасының мамандары және полиция қызметкерлері бар.
Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те қатысты. Ата заңның 30 жялдығымен құттықтап, конституцияның маңыздылығына тоқталды.
