Шымкентте мектепке жол акциясы жалғасуда. Бұл жолы қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы аналар кеңесінің мүшелері игі іске қолдау білдірді. Республикалық акция аясында олар 30- дан астам бастауыш сынып оқушыларына мектепке қажет оқу — құралын табыстады. Аталған шара тек мектепке қажетті құралды табыстаумен шетелген жоқ. Игі іс барысында балаларға арнайы шақыртылған аниматорлар көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетсек, Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы да «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын өткізді. Олар шымкенттік 500- ден астам оқушыны мектепке қажет оқу құралымен қамтыды.
