УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТАДЫ

Screenshot

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Шымкент қаласындағы әлі де модернизация жұмыстары жүргізіліп жатқан базарлардың жайымен танысты. Шараның мақсаты – 2025 жылдың базарларды жаңғыртудың соңғы жылы екенін түсіндіру. Министрлік өкілдерінің айтуынша, келесі жылдан бастап жаңғыртудан өтпеген сауда орындарының қызметі тоқтатылмақ.

Пресс-тур барысында журналистер «Қырғы», «Назым апа», «Авто Нұр» және «Жабық базардың» жұмысымен танысып, жүргізіліп жатқан өзгерістерді көзбен көрді. Бүгінде базарлардағы жұмыс қарқынды жүріп, кезең кезеңімен сауда нүктелеріне айналуда. Сонымен бірге, «Базарларды жаңғырту» бағдарламасы аясында сауда орындарына жаңа талаптар қойылып, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту, өрт қауіпсіздігін күшейту, инфрақұрылымды дамыту басты назарға алынған.

Мегаполис сәнені келтіретін бұл жұмыстар тек тұтынушыға ғана емес, товар ұсынушыға да қолайлы болу үшін жасалуда. Оған дәлел кәсіпкерлердің де жайма базардан сауда нүктелеріне көшіріліп жатқандарына ризашылықтары.

Министрлік өкілдері мұндай шаралар тұтынушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, кәсіпкерлерге қысы жазы жайлылық қалыптастыруға, сондай-ақ сауда нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.