Қауіпсіз қоғам әр әйел үшін. Шымкентте бір аптаға жалғасатын “Әйел. Құқық. Қорғаныс” семинары жалғасуда. Шымкенттік Нәзік жандылар өзін өзі қорғау сабақтарын тегін үйреніп жатыр. Бүл жолы әйелдерге өздерін физикалық қауіптен қоғау әдістерін үйретті. Сонымен қатар, қауіп төнген
сәтте дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға арналды. бұл семинар нәзік жандылардың көптеген сұранысы арқылы жүзеге асып отыр екен.
Семинар барысында қатысушыларға теориялық түсіндірме жүргізіліп, симуляциялық жаттығулар көрсетілді. Сонымен қатар Қолмен жасалатын шабуыл түрлерінен қорғану әдістерін де үйретті. Бұдан өзге, қарапайым шабуылдан шығу, стрестік жағдайдағы әрекет ету тәсілін де меңгерді.
Семинарға қатысқан әйелдердің жасы әр түрлі.
Қатысушылар өз пікірлерінде мұндай курстардың маңыздылығын атап өтіп, болашақта жиі өткізіліп тұруын сұранды.
