Дәрілік заттарды зауыттан дәріханаға дейінгі таңбалау және қадағалау жұмысы таныстырылды. Баспасөз турды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Tañba Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторы ұйымдастырған.
Алдымен польфарма санто зауытында қаптамаларға таңбалау кодтары қойылатын өндірістік желі жұмысы көрсетілді. Компания өкілдері бұл жүйеге 2 млн АҚШ долларынан астам инвестиция құйған. Осылайша, 8 қаптау желісін заманауи сериализация және агрегация жабдықтарымен толық қамтығанын айтады.
Келесі нысан «Зерде» дистрибьюторлық қоймасы. Мұнда әрбір дәрі қабылдау кезінде және жөнелту алдында екі рет тексеріледі екен. Соңғы аялдама Europharma дәріханасы болды. Мұнда фармацевтер дәріні сату кезінде кодты сканерлеп, оның түпнұсқалығын растайды.