Жас мамандар екі қолға бір күрек тапты! Шымкентте жас мамандарға арналған «BilimQadam-2025» педагогтер жәрмеңкесі өтті. Шара аясында 60 мекеме басшысы 300-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Байқағанымыздай, Жас мамандарға сұраныс көп екен. Жұмысқа орналасу үшін Көрме орталығына келген жастар аз емес.
Олардың қатарында Түркістан облысының түлегі Асида Жетпісбаева да бар. Ол математика пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған. Жәрмеңке аясында жұмысқа орналасуды ниет еткен.
Жүсіп Баласағұн атындағы №6 мектеп директоры да жас мамандарды іздеп келген. Сөзінше білім ұясында 6 бос жұмыс орны бар. Мұндай ашық форматтағы шаралар жұмыс іздеушіге ғана емес жұмыс берушіге де тиімді екенін жеткізді.
Бұл алаң жас педагогтердің еңбек нарығына бейімделуіне, тәжірибе жинауына және өз әлеуетін көрсетуіне жол ашты.
Ескертейік, жәрмеңке аясында GPA 3,33 және одан жоғары әрі сертификаттаудан өткен түлектер конкурстан тыс жұмысқа орналасады.
