Шымкент қаласы жаңа оқу жылына дайын. Бүгінде мегаполисте білім беру ұйымдарының саны артып 292 — ге жеткен. Бұл туралы баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек. Сондай-ақ, мектепке жол акциясы ағымдағы жылдан бастап жеке меншік мектептерде оқитын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға да үлестіріледі.
Биыл мегаполисте күрделі жөндеуден өтіп жатқан 10 білім беру ұйымы бар. Оның 9-ы мектеп, біреуі балабақша. Бүгінде нысандарда 85-90%ға жұмыс аяқталған. 20 тамызға дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланған.
Айта кетейік, брифинг барысында Сәрсен Құранбек Таскен шағын ауданында келешек мектептері ұлттық жобасы аясында 1 мектептің құрылысы аяқталғанын айтты. Мектеп 1500 орынға арналған. Сонымен бірге, жергілікті бюджет есебінен Тельман елді мекенінде де 1200 орындық мектеп құрылысы жатқанын, құрылысы тамыз айының соңына дейін аяқталатынын хабарлады.
