УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА 30 ЖЫЛ: ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Screenshot

Шымкентте «Әр азаматқа – заңдық көмек!» акциясы өтті. Игілікті бастаманы қалалық Әділет департаментінің мамандары қолға алған. Бір күнге ашылған «құқықтық қабылдау» алаңына әділет саласының мамандары, жергілікті басқарма өкілдері мен нотариустар тұрғындарға көмек беруге арнайы келген.

Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мүлік, құжат рәсімдеу, келісімшарттар мен отбасылық құқыққа қатысты мәселкюесін жеткізді. Тиісті жауап та алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, кез келген азаматтың сапалы заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Айта кетсек, бұл шара ата заңның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.