Шымкентте жалақы берешегі бар кәсіпорын саны 10- нан астады. Жұмысшылар алдындағы қарыз суммасы 133 млн теңгеден асып жығылады. Еңбекақысын ала алмай жүрген 90 қызметкер 13 кәсіпорында жұмыс істейді. Жауаптылар Жалақы берешегі бойынша 60 нұсқама бергендерін айтады. Бүгінде , 170 жұмыскердің құқықтары қорғалыпты. Оларға 60 кәсіпорыннан 60 млн теңгеден астам қаржы өндірілген. Тағы бір ақпар, Жыл басынан бері еңбек инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандары 200 ден астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде, 163 заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде 59 жұмыс берушілерге 12млн теңгеден астам айыппұл салынған. Бүгіннің өзінде қаражаттың 50% астамы бюджетке өндірілген.
