Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмысын пысықтау мақсатында қалалық мәслихат жанынан құрылған уақытша комиссия мүшелері бірнеше стратегиялық нысанды аралады. Комиссия құрамында мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, депутаттар Талғат Айтбаев, Мұхтар Қонақбаев, Бақтияр Позилов, Арман Молдабек және салалық мекемелердің өкілдері бар.
Шара барысында әкімшілік-іскерлік орталықтағы қуаттылығы 160 Гкал болатын қазандықтардың жұмысын бақылады. Сондай-ақ, Күншығыс шағынауданындағы №24 үй маңындағы жылу желілерін ауыстыру және 16-шағынаудандағы №41 үйде жүргізіліп жатқан жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары назарға алынды.
