УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

САЙРАМДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сайрам ауданында биылғы алты айда негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім 200 миллиард теңгеден асты. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,3 есеге артқан.

Әлеуметтік салада да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Ақсу елді мекенінде 600 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Жібек жолы ауылындағы Бөкейхан мектебіне арналған 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы жүріп жатыр. Нысанды қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Аудан бойынша ауызсу жүйелерін жаңарту, электр желілерін дамыту және жол сапасын жақсарту бағытында да жұмыстар жалғасуда. Ал биыл Құтарыс пен Қызылжар елді мекендері табиғи газға қосылып, Сайрам ауданы толық газдандырылды.

Бұған дейін тұрғындар көтерген мәселелер де назардан тыс қалмаған. Өткен кездесуде 23 мәселе көтеріліп, оның 16-сы толық шешілді. Қалған мәселелер бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.