УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА СУАРУ МАУСЫМЫ ҚАЛЫПТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданында суару маусымы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Диқандардың егіс алқаптары қажетті ағынсумен тұрақты қамтамасыз етіліп отыр.

Бірлік ауылындағы «Аққанат» шаруа қожалығы биыл 30 гектар жерге қауын мен мақта еккен. Қазіргі таңда алқаптың шамамен 80 пайызы суарылды. Шаруа су жеткізу жұмыстарының уақытылы ұйымдастырылып жатқанын айтып, су мамандарына алғысын білдірді.

Бұдан өзге 30 гектар алқапқа мақта еккен тағы бір мақтааралдық тұрғын шаруашылықтың қажетті сумен уақытылы қамтылғанын, егістік алқабында суару жұмыстары қалыпты жүріп жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 36 мың гектардан астам егістік бар. Оның ішінде 25,5 мың гектарына мақта, 15,3 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Сондай-ақ көкөніс, жоңышқа және жүгері алқаптары бар.

«Қазсушар» мамандары суару маусымы аяқталғанша шаруаларды ағынсумен тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.