УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА 100 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Қауіпсіздік, дәлдік пен сенімділік – теміржол саласына артылған жауапкершілік осылардан басталады. Ал осы жауапкершілікті күн сайын арқалап жүрген – сала мамандары. Еліміздің теміржол жүйесінде бүгінде 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олар – рельс үстіндегі қозғалысты қадағалап, поездардың дер кезінде жетуін қамтамасыз ететін майталмандар.

Теміржол – тек қатынас құралы емес, ел экономикасының күретамыры. Өндіріс пен сауданы байланыстырып, аймақтардың дамуына серпін беріп отырған бұл сала – кәсіби шеберлікті, тәртіп пен тиянақтылықты талап етеді.

Құрметті теміржол саласының қызметкерлері! Сіздердің еңбектеріңіз – уақытпен санаспай, үнемі қозғалыста жүретін ел үшін маңызды тірек. Мерекелеріңіз құтты болсын! Жолдарыңыз ашық, еңбектеріңіз жемісті болсын!