Енді гидтер мен экскурсия жүргізушілер жаңа талаппен жұмыс істейді. Жаңа қағида 1 тамызда күшіне енді. Жаңа талаптарға сәйкес, бұл салада қызмет көрсететін мамандар жұмысын бастамас бұрын міндетті түрде хабарлама беріп, мемлекеттік электрондық тізілімге тіркелуі қажет. Бұл туристерге ресми тіркелген мамандарды таңдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ туристік қызмет енді тек турист пен маман арасында жасалған ресми келісімшарт негізінде көрсетіледі. Бұл екі тараптың құқықтары мен міндеттерін нақтылап, туындауы мүмкін даулы жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Салаға жауапты шымкенттік шенеуніктер жаңа қағиданы түсіндіру жұмысын да бастап кетті.
Бұдан бөлек, гидтер мен экскурсия жүргізушілер маршруттың ерекшеліктері, қауіпсіздік талаптары және ықтимал қауіптер туралы туристерге алдын ала толық ақпарат беруге міндетті. Егер бағыт қауіпті аумақ арқылы өтетін болса, туристің жазбаша келісімі алынуы тиіс. Ал шымкенттік гид-экскурсоводтар бұл жаңашылдықтармен танысып үлгерді ме?
Иә, бұл — туристердің пікірі. Десе де мамандар енгізілген өзгерістер туристік қызмет сапасын арттырып қана қоймай, туристердің қауіпсіздігін күшейтеді деп есептейді.
