Қоғамдық көлікке отырған соң жолақысын келесі аялдамаға жеткенше төлеңіз! Әйтпесе айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Шымкентте жолақысын төлеуден жалтаратындарға рейд күшейді. Сіз күтпеген сәтте бақылаушы тексеріс жүргізуі мүмкін.
Жолақы QR-код немесе арнайы карта арқылы қабылданады. Қолма-қол ақша жүргізушіге берілмейді әрі есепке алынбайды. «Төлеп үлгеремін» деген сылтау бұл жолы жүрмейді.
Алайда бәрі бірдей бұл талапты орындай бермейді. Сондықтан болар, мегаполисте жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейген. Бүгінгі рейд барысында да қоғамдық көлікте жолақысын төлемегендер анықталды. Бақылаушылар күнделікті рейд жұмыстары жүргізілсе де, жолақысын төлемейтіндердің саны азаяр емес дейді.
Бақылаушылар небәрі бір айдың ішінде 1000-нан астам адамға шара қолданылғанын айтады.
