УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: 1400-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалықты сақтау бағытындағы рейдтер жалғасып жатыр. Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың мыңнан астам дерегі тіркелді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалада қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындар мен қоғамдық аумақтарды ластауға қатысты 1 421 құқық бұзушылық анықталды.

«Таза қала» акциясы аясында полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен белсенді тұрғындардың қатысуымен тұрақты рейдтер ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде.

Мамандар қала тазалығын сақтау тек бақылаушы органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін айтады. Өйткені таза қала — ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.