Теміржолшылар күнімен!
Бүгін – еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратын жандардың кәсіби мерекесі. Теміржол – тек көлік құралы ғана емес, ол – қалаларды, аймақтарды, тағдырларды жалғайтын алып жүйе. Осы жүйенің жүрегі – теміржолшылар.
Олар күннің аптабында да, боранды түнде де тынымсыз еңбек етеді. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жүктердің дер кезінде жетуі – олардың кәсіби біліктілігі мен табандылығының арқасы.
Құрметті теміржол саласының қызметкерлері! Сіздерді мерекелеріңізбен “Uaqyt tv” ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, қажырлы еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Теміржол табысты болсын – жолыңыз ашық болсын!
