УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ БЕРЕШЕГІ СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

Шымкентте баспана кезегі қашан азаяды? Қазір мегаполисте мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны 96 мыңнан асып кеткен. Кезек жыл сайын көбейгенімен, қала билігі биыл оны қысқартуға ниетті. Жоспар бойынша, 2026 жылдың соңына дейін 7 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтылып, кезек азаюы тиіс. Қазірдің өзінде қала әкімінің қатысуымен апта сайын пәтер кілтін табыстау рәсімдері өтіп, жыл басынан бері 2 800-ден астам азамат жаңа қоныс иесі атанды.

Алайда мемлекеттік арендалық пәтер алғандардың барлығы бірдей келісімшарт талаптарын сақтай бермейді. Қазір тұрғын үй тізілімінде (реестрінде) 10 мыңға жуық адам тіркелген. Оның ішінде 1 400-ге жуық тұрғынның берешегі нотариус арқылы өндірілсе, 209 борышкердің ісі сот орындаушыларына жолданған.

Баспанаға қол жеткізудің тағы бір жолы — қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан бері 889 азамат өтініш беріп, оның 600-інің өтініші мақұлданды.