Түркістан облысының бюджеті нақтыланды! Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында өңірдің 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді. Депутаттар қолдаған шешім әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және экономикалық өсімді сақтауға бағытталған. Облыс әкімі қабылданған шешімдердің уақытылы әрі сапалы орындалуы басты міндет екенін айтып, бөлінген қаражаттың әр теңгесі тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болатынын мәлімдеді.
Облыс басшысы өңірде импортты алмастыру, өндірісті ұлғайту және өзін-өзі толық қамтамасыз ететін экономиканы қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Айта кетейік, облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен жұмысы нәтижесін беріп отыр. Мәселен биыл Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсімі 126,3 пайызды құрап, республика бойынша бірінші орынға шыққан. Қазір өңірде инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын іске қосу, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға басымдық беріліп отыр.
