УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«АСТАНА» САЯБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді.  Саябақ аумағы 20  гектардан асады.  Онда Рәміздер алаңы, аллея салынып, жан-жағы жайқалған бақпен қоршалады. 12 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылса, қатты жабындылар алаңы 32 мың шаршы метрден асады. 800-ге жуық автокөлік сиятын автотұрақпен қамтылады. Аталған аумақта 20 мың адамның қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қарастырылады.