УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖІТІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жалғасуда. Бұл – әрбір азаматтың Конституциямен бекітілген Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге бағытталған маңызды мемлекеттік науқан.

Қазіргі таңда әскер қатарына шақырылған жастар медициналық және психологиялық тексеруден өтті. Мамандар олардың денсаулық жағдайын, физикалық дайындығы мен психологиялық тұрақтылығын жан-жақты бағалады.

Әскерге шақырылушылардың бірі – 18 жастағы Нұрбек Абдивалиев. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге дайын. Сондай-ақ, медициналық тексеруге  өз еркімен келгенін айьады.

Бүгінде әскери қызметтің шарттары заман талабына сай жетілдіріліп келеді. Жас сарбаздардың әскери борышын өтеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында әскери бөлімдерде әлеуметтік және тұрмыстық қолдау шаралары да қарастырылған. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген жастарға мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер ұсынылады. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарында білім алуға арналған гранттарды иелену мүмкіндігі бар.Сондай-ақ, сарбаздарға белгіленген тәртіпке сәйкес ұялы телефон пайдалануға мүмкіндік берілген. Бұл олардың ата-аналарымен және жақындарымен тұрақты байланыста болуына жағдай жасап отыр.Маманның айтуынша, мұндай қолдау шаралары жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақтағы кәсіби және білім жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Айта кетейік, өңірде әскерге шақыру науқаны белгіленген жоспарға сәйкес жалғасуда.