Түркістан қаласы бүгінде ұлттық спорттың ордасына айналды. Қасиетті шаһарда өтіп жатқан VIII Қазақстан Республикасының Халық ойындарына еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар қатысып, ұлттық спорт түрлері бойынша өзара бақ сынауда.
Дүбірлі дода ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен спорттық мұрасын насихаттауға бағытталған. Жарыс қ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, болейбол және өзге де ұлттық спорт түрлерінен тартысты бәсекелер өтуде
Түркістан төріндегі халық ойындары спортшылардың шеберлігін ғана емес, ұлттық рухтың биіктігін де айшықтап отыр. Қала қонақтары мен тұрғындары жарыстарды тамашалап, ұлттық спорттың көркін сезінуде. Спорт пен мәдениетті ұштастырған айтулы шара өңірдің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосуда. VIII ҚР Халық ойындары алдағы күндері де жалғасып, еліміздің үздік спортшылары арасында тартысты бәсекелер көрермен назарына ұсынылады. Түркістандағы дүбірлі дода ұлттық спорттың мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатуда.
