УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БАЛАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН

Әли Адамбеков- «калькулятор бала» ретінде көпке танымал. Жасы небәрі төртте. Қазығұрттық талант өңір басшысының қолынан арнайы марапат алды. Балаларды қорғау күнінде төрге шығып, жұртты сүйсінтті.
Түркістан облысы – таланттар мен дарынды балалардың бесігі деді жиынға арнайы қастысқан өңір басшысы. Алды халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт пен өнер сайыстарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді деп баяндады. Биыл халықаралық білім додаларында облыс намысын қорғаған 21 оқушы 14 медаль иеленген. Сондықтан болар, күнгейлік шәкірттер биылғы оқу жылын жақсы тәмамдады деп түйді сөзін.

Балалар құрметке бөленген күн болды! Өңірдің дарынды оқушылары мен шығармашыл жастары концерттік қойылымдарын ұсынды. Балалардың өнері мен жетістіктері көпшілікті қуантты. Мерекеге қатысқан бір мың балаға қазақ әдебиеті кітаптары тарту етілді.