УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түркістанда  қуаты 300 мегаватт болатын алып күн электр станциясының құрылысы келесі кезеңге өтті. Бүгінде жобаның негізгі қондырғылары орнатылатын нысанның алғашқы іргетасы салтанатты түрде құйылды.Бұл – тек құрылыс емес, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне бағытталған маңызды қадам. Өткен жылдың желтоқсанында капсуласы салынған жоба бүгінде нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Жер жұмыстары толық аяқталып, бүгін іргетас құюмен бірге станцияның негізгі технологиялық бөлігін орнату жұмыстары ресми түрде бастау алды. 307 миллион долларлық жоба 2027 жылы толық іске қосылғанда, өңірді экологиялық таза энергиямен қамтуда жаңа деңгейге шығармақ.

Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жемісі. Құрылыс кезеңінде 500-ге жуық адам екі қолға бір күрек табады.  Станция іске қосылғаннан кейін жылына 674 миллион киловатт-сағат таза электр энергиясы өндіріледі. «Жасыл» экономика бағытындағы бастама – өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға қосылған зор үлес.