УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖИЫН: ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТТІҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ САРАЛАНДЫ

Түркістанда заң үстемдігі мен әкімшілік әділет жүйесінің жетістіктері сараланды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылданғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға судьялар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен заңгерлер қатысты. Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, әкімшілік әділет саласының еліміздегі құқықтық жүйені жетілдірудегі маңызын атап өтіп, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жол ашқанын айтты.

Жиын барысында сала дамуына үлес қосқан бірқатар мамандарының мерейі үстем болды.

Жиынға аймақ басшысы арнайы қатысып сала мамандарын құттықтап, аталған заңның халықтың құқықтарын қорғаудағы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтықты арттырудағы рөліне тоқталды.