УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢА ЗАУЫТТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында биыл  іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар таныстырылып, өңірлердегі инвестициялық жұмыстардың нәтижелері талқыланды.Облыс әкімі өңір экономикасын дамытуда инвестициялық жобалардың маңыздылығына тоқталып, жауаптыларға жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Штаб отырысында  Түркістан қаласы мен Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды. Бұдан бөлек Сарыағаш ауданы мен Арыс қаласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар және 2025 жылы шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері туралы есептер тыңдалды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мен Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев өңірлердегі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі инвесторларға өңірге деген сенімі мен белсенді жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ әрбір жобаның іске асырылу барысы тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты мекемелерге инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.