Түркістанда жаңа демалыс аймағы, су аттракциондары құрылысы басталды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлардың келіссөзі нәтижесінде қолға алынған бұл кешеннің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады.Жоба аясында заманауи аквапарктен бөлек, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залын салу жоспарланған. Нысанның басты ерекшелігі – инфрақұрылымның жыл мезгіліне бейімделетіндігінде. Жазда су айдыны ретінде пайдаланылатын аумақ, қыс мезгілінде картинг алаңына айналады. Осылайша, кешен жыл бойы үзіліссіз қызмет көрсетеді.Мұнда биік сырғанақтар, торнадо үлгісіндегі аттракциондар мен балаларға арналған интерактивті ойын аймақтары болады. Жаңа туристік нысан өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасап отыр.
