Ақ алтын – Түркістан облысының негізгі бренді әрі өңір экономикасының басты қозғаушы күші. Бүгінде аймақ тек шикізат өндірумен шектеліп қалмай, оны терең өңдеу бағытына басымдық беріп отыр.Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде жалпы құны 100 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобалар іске қосылды. Оның ішінде заманауи жіп иіру фабрикасы, екі бірдей мақта өңдеу зауыты бар. Сонымен қатар 32 мың гектар алқапқа суды үнемдейтін жаңа технологиямен мақта егілді.Өңір басшысы Нұралхан Көшеровпен келіссөз жүргізген шетелдік инвесторлар дәл осы тоқыма өнеркәсібін дамытуға ниетті. Олар мата тоқу, бояу, дайын киім тігу және экологиялық таза текстиль өнімдерін шығару сияқты ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар жергілікті мақтаның әлемдік нарыққа дайын өнім ретінде шығуына жол ашпақ.
