Өңір жаңалықтарын жалғастырамыз. Түркістанда халықаралық танымал бренд жергілікті зауытын ашуы мүмкін. Тарқатсақ, облыс әкімі Нұралхан Көшеров танымал спорттық киімдер өндіретін «Кемел» компаниясының өкілімен кездесті. Жиын барысында өңір басшысы Түркістанның индустриалды мүмкіндіктерімен таныстырды. Нақтырағы, индустриалды аймақтардың инфрақұрылымын, логистикалық артықшылықтарды, жұмыс күші мен инвесторларға жасалған жағдайларды сөз етті. Сонымен қатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Өз сөзінде компания өкілі облыста мақта шаруашылығының дамығанынан хабардар екенін айтты. Тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.
