УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданында қаңтардың қақ ортасында ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстары басталды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және өңір тұрғындарын сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында шаруалар жұмысын бастап кетті. Биыл аудан бойынша алпыс мыңнан аса гектар егістік алқапты игеру көзделген.

Мақтаарал ауылдық округінде ерте өнім алуға әдетке айналған. Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол шаруалардың бірі – Шағыр Күшербаев. Шаруа 8 гектар алқапқа ас үй қызылшасын егіп, заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы өсіруді көздеп отыр. Бұл әдіс су ресурстарын үнемдеуге, тыңайтқыштарды өсімдік түбіне дәл жеткізуге және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы өнім көлемін дәстүрлі әдістермен салыстырғанда екі есеге дейін арттыруға болады.