УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АНАЛАР МЕН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласында 80 төсек-орынға арналған заманауи ана мен бала орталығының құрылысы жүріп жатыр. Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен жүзеге асуда.Құрылыс алаңына барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров нысанның өңір үшін маңызын атап өтіп, жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Айтуынша, демографиялық өсім жоғары аймақта ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі аса маңызды.Жобаның жалпы құны – 8,3 млрд теңге. 3,3 гектар аумақта орналасқан медициналық орталық 4 блоктан тұрады және заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылады.Әлеуметтік маңызы зор нысанды 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.