УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚҰРЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР: 325 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Түркістан облысында 2025 жылы құрлыс салушыларға 325 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. 469 құрлыс нысанынан заң бұзушылық анықталып, 40 нысанды бұздыруға сотқа арыз жолданған. Бұл мәселе Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың бақылауында. Аймақ басшысы заңсыз құрылыстармен күресуіміз керектігін және заңды жолмен рәсімделетін нысандардың жолын жеңілдетуіміз қажеттігін атап айтты.

Сонымен қатар шекара аймағында демалыс орындарын, арнайы аймақтарды өз бетінше құрлыс салуға қатаң тыйым салынатынын еске салды. Тек жазалау шарасымен шектелмей заңсыздыққа алып келетін жүйелі кемшіліктерді жою тапсырылды. осы орайда құрылыс саласындағы цифрландыруды күшейту мен заңсыз құрылыстарға дер кезінде шара қолданбаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қатаң қаралатыны ескертілді. Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушының айтуынша 2025 жылы бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 100 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталып, оларға 103 миллион теңге айыппұл салынған. бірқатар құрылыс компанияларының лицензиялары бойынша жекелеген жұмыс түрлері тоқтатылды екен.