УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ӨСПЕЙДІ

ДӘРІ-дәрмек бағасы өспейді! Тұрақтылық құжат арқылы рәсімделді. Қала әкімдігі мен бірқатар медициналық және фармацевтикалық ұйымдар меморандумға қол қойды. Рәсімге қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысты.

Бұл келісімнің басты мақсаты медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу. Яғни алдағы бір айда бағалардың «секірмеуін» қамтамасыз ету, баға саясатын ашық жүргізу және тұрғындардың медицинаға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Меморандумға «№14 емдеу орталығы», «Ай-Нұры», «Otau Med», «Атамекен», «ЗЕРДЕ-ФАРМА», «МУРАТ-ФАРМ» және «ЗЕРДЕ» ғылыми-өндірістік бірлестігі секілді ірі ұйымдардың өкілдері қол қойған.

Айта кетейік, Мемарондум тараптардың бағаны негізсіз өсірмеу, қызмет сапасын сақтау және нарықтағы адал бәсекелестікті дамыту жөніндегі міндеттемелерін бекітеді. Сондай ақ Қала әкімдігі медицина саласындағы баға тәртібінің ашықтығына бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.