УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ: ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРҒА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкентте тұрғын үй саласы бойынша республикалық кеңейтілген кеңес өтті. Шараға Түркістан, Жамбыл облысының мамандары да қатысты. Мегаполиске табан тіреген министрлік өкілдері көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары мен тұрғын үй қатынастары заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіруде. Салаға жауапты мамандардың сауалдарына да жауап берді. Кеңес жұмысы аясында тікелей эфирде бейнебйланыс арқылы түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

Кеңес барысында министрлік пен «ҚазОрталық» өкілдері тұрғын үйді, басқару саласындағы ашықтық пен жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті. Жиында басқару формалары, басқарушы субъектілердің функциялары, меншік иелерінің жиналысын өткізу тәртібі, сертификаттау, қабылданатын актілерді рәсімдеу сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы Қазақстан Республикасының азаматы болуы және оның кәсіби біліктілігін растайтын құжаты болуы тиіс. Бүгінде аталған құжатты алу үшін Шымкент қаласының барлық жоғарғы оқу орындарынан тест орталығы ашылады деп күтілуде. Тестілеуден өткендерге арнайы сертификат беріледі. Оның жарамдылық мерзімі 3 жылды құрайды.

Шымкентке табан тіреген министрлік өкілдері тұрғын үй қатынастары заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмысын өзге өңірлерде де жалғастырады.