«Қызылжар-2» шағынауданында жылдар бойы шешімін таппаған мәселеге нүкте қойылды. Мемлекеттік көгілдір отынның болмауы талай отбасының тұрмысын қиындатқан. Бұл мәселе 2025 жылдың көктемінде қала басшылығы мен Абай ауданы тұрғындарының кездесуінде көтерілген болатын. Әкімнің берілген тапсырмасы бүгінде нәтижесін беріп отыр. Жауаптылар 265 үйге табиғи газға қосылудың техникалық мүмкіндігін ретке келтірді. Бұған дейін тұрғындар жекеменшік газ көзін пайдаланып келген. Енді мемлекеттік газ жүйесіне ие болып отыр.
Табиғи газ жүйесіне қосу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Әкім тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Мемлекеттік көгілдір отынның әсіресе қыс мезгілінде қосылуы қарашаны қуантып отыр. Ал келесі жылы басталатын жобаның екінші кезеңінде шағынауданың қалған аумақтары да толық инженерлік желілермен қамтылады дейді сала мамандары.
Айта кетейік, Шымкентте жыл соңына дейін қала тұрғындарының 97,8 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. Ауыз су, жарық және табиғи газ тарту — ала жуаптылары үшін басым бағыттардың бірі. «Қызылжар-2»-де атқарылған жұмыс – қаланың жаңа аудандарындағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
