TOMIRIS-2025: Түркістан облысында әйел көшбасшыларды қолдау жобасы аясында семинар тенинг өтті. Өңір бойынша іріктелген 85 қыз-келіншек осы бастаманың қатысушысы атанды. Бұл шара әйелдердің кәсіби және тұлғалық дамуына, сондай-ақ гендерлік саясатты ілгерілетуге бағытталған. Семинар-тренингке облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззәт Сүлеймен және танымал спикерлер қатысты.
«TOMIRIS-2025» жобасы – жай ғана білім беру алаңы емес. Ол жаңа идеялар алмасуға, тәжірибе бөлісуге және өңірдегі әйел көшбасшыларының белсенді қауымдастығын қалыптастыруға мүмкіндік берген маңызды платформа болды.
