УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ҚЫС -2025”: ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында «Қыс-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында дабыл қағылып, жеке құрам жедел түрде сапқа келтірілді. Іс-қимылдардың барысы қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық деңгейін тексеруге бағытталды.
Оқу-жаттығуда авариялық-құтқару қызметтерінің техникасы мен жеке құрамының қысқа дайындығы бағаланып, жедел әрекет ету тетіктері пысықталды. Мамандардың кәсіби даярлығы, құрал-жабдықтардың жарақтылығы және өзара іс-қимыл үйлесімі жеке бақылаудан өтті.
Түркістан қаласында өткен шара аймақтың қысқы маусымға дайындығын нақтылап, төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттердің орындалуын көрсетті.