Тағы бір жаңалық! Шымкенттік тұрғындар қыста жаңа демалыс аймағына баруға мүмкіндік алады. Мегаполисте ашық сырғанау орындары салынады. Оның бірі Арбат демалыс аймағында ұзындығы 150 метр болатын ашық мұз айдыны халыққа қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Сондай ақ мұз алаңдары Астана алаңы мен Мұз айдыны кешенінің алдында да бой көтермек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары апталық брифинг барысында мәлім етті. Оның айтуынша, барлық мұз айдындарының құрылысына қажетті қаражат демеушілердің есебінен бөлінген. Әр алаң заманауи 400 киловаттық мұздатқыш қондырғылармен жабдықталып, бір тәулікте 20–30 мың адамға дейін қабылдай алады.Бұл мұз алаңдары тұрғындарға таза ауада белсенді демалып, спортпен шұғылдануға тамаша мүмкіндік береді дейді Сарсен Абайұлы.
