Шымкентте алғаш рет теңге ілуден Федерация Кубогы басталды. Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне жиналғандар көп.
Екі күнге созылатын спорттық дода Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Басты мақсат- ұлттық спортты дамыту. Мамандар алдағы уақытта Федерация Кубогы дәстүрлі түрде өткізілетінін айтады.
Бұл жарыстың мақсаты – ұлттық спорт түрі теңге ілуді дамыту, жастар арасында насихаттау.Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген 30 спортшы қатысуда. Олар «Жеті құт», «Бес белес» және «Қос құлаш» атты үш түрлі стиль бойынша бақ сынайды.
Жалпы жүлде қоры – 2 миллион 300 мың теңгені құрайды. Бұл ұлттық спортты дамытуға деген қолдаудың айқын дәлелі.
Мұндай жарыстар теңге ілу спортының өрісін кеңейтіп, жастардың ұлттық спортқа сүйіспеншілігін арттыра түсері анық.
