Шымкентте соңғы үш ай бойы жалақысын ала алмай жүрген жекеменшік мектеп мұғалімдерінің мәселесіне қойылатын күн жақын. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сарсен Абайұлы брифинг барысында мәлімдеді. Десе де, шаһар басшысының орынбасары қызметкерлердің жалақысын төлеуге әкімдік емес, білім ұясының құрылтайшы жауапты екенін ескертеді. Ал жан басына шаққандағы қаржыландырудың кешігуіне жаңа пилоттық жоба себеп болған. Десе де жуырда қыркүйек пен қазан айлары үшін қаражат төленетін болады. Сәрсен Абайұлы бұл мәселеге қатысты ақпарат бұрмаланғанын да айтты. Сондықтан мектеп ұстаздарына жалақы төлеу тікелей құрылтайшының міндеті екенін тағыда бір рет ескертті. Қазіргі таңда Шымкентте 137 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, олардың 121-і бюджеттен қаржыландырады.
