УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӨҢІРГЕ ТАРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Түркістан облысында биыл шетелдік капитал тарту жоспары артығымен орындалған. Алты ай қорытындысы бойынша өңірге 543,5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылып, жылдық индикатордан жоғары нәтиже тіркелген. Бұл туралы облыс әкімінің апталық мәжілісіндп белгілі болды.
Түркістан облысында алдағы үш жылға арналған 111 инвестжобаны іске асыру жоспарлаған. Бұл жоспар орындалса, өңірде 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылалы деп күтілуде. Биыл 58 жоба қолға алынып, оның 34-і іске қосылыпты. Нәтижесінде 5 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай- ақ инвестиция тарту көрсеткішіне қол жеткізбеген әкімдерге жауапкершілік күшейетінін ескертті.

Биыл облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін көтеру жүктелген. 9 айдың қортындысы бойынша 1 трлн теңгеден астам қаржыны құраған .

Жыл басынан бері 92-ден астам шетелдік компаниямен келіссөз жүргізіліп, Қытай, Иран және Өзбекстанға ресми сапарлар өтті. Келісімдер аясында кеңселік қағаз, дәрумендер, құрылыс материалдары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бағытындағы жаңа кәсіпорындар іске қосылмақ.